ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ АУМАҒЫ
[Дата публикации: 04.12.2019, 16:42:44, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылғы 4 желтоқсанда университеттің «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаменті, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің алаңында Грекияның «Понтос» этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Ивановна Касапиди және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Динара Кенесқызын Жаңабергенова ұйымдастырған 1-2 курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оның мақсаты біздің университет студенттерінің Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыру. Этносаралық және дінаралық келісімнің моделін, мәдениеттер мен діндердің жақындасуына ықпал ететін алаңды құру, осы үрдістегі Қазақстан Республикасы Президентінің рөлі.
Іс-шара барысында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі тетіктері туралы пікірталас өтті.
Грекияның «Понтос» этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Ивановнаның баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды, этномәдени дәстүрлерді сақтаудың және ұлттық мәдениеттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы айтып, біздің қала туралы және оның этникалық жағдайы туралы, «Понтос» орталығының құрылуы және дамуы жайлы, өзінің тәжірибесімен, орталықтың қалыптасу жылдарындағы барлық қиындықтарымен бөлісті.
Біздің республикада елімізде тұратын халықтардың бірлігімен байланысты көптеген мерекелер бар. Солардың бірі – Рухани келісім күні. Бұл – бірлік пен кешірімділік, мейірімділік пен түсіністік күні. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін маңызды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Мадина Мейрамқызы Салпенова Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы білімді таратуға, оның этномәдени әртүрлілігін сақтауға және дамытуға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал ететін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, және бұл қағида Конституцияда бекітілген. Біздің республикамыз көп ұлтты ғана емес, сонымен бірге көпконфессиялы қоғам, сондықтан діннің орасан зор моральдық әлеуеті, діни төзімділік қоғамда біріктіруші рөл атқарады.
Кездесуге қатысушылардың бәрі ортақ пікірге келді: бейбітшілік, келісім, тұрақтылық – біздің алтын қазынамыз.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 669