“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУДЕБАТШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС САЙЫСЫНДА КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

[Дата публикации: 03.12.2019, 12:10:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында ҚМИУ «Абадан» пікірсайыс клубының мүшелері республикалық пікірсайыс турниріне белсенді қатысып, тағы бір жарқын жеңіске жетті!

Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Байқауда шешендік өнерін Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының мықты дебатшылары  көрсетті.

Біздің  команданың құрамында мына студенттер қатысты:

1) Жұмәлі Нұрикамал – МЖ-18қ тобы

2) Әбдірах Әазерке – ФӨТ-19қ тобы

3) Бедеров Алихан – МҚӨТ-17қ тобы

4) Рахымжан Өміржол – М-16қ тобы

5) Тәжиков Қонысбек – Қ-17қ тобы

6) Абай Қаракөз – ФӨТ-19қ тобы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Абадан» клубының өкілі, үшінші курс студенті Өміржол Рахымжан «Үздік спикер» атағына ие болды.

Бұл  біздің дебатшылардың  алдағы айдағы үшінші жеңісі!

Пікірсайыс  турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық   қатысушыларға Алғыс хат табысталды.

Біздің  студенттер атап өткендей, қатысушылар арасында мұндай сайыстың бұрынғы чемпиондары көп болған, сондықтан пікірсайыс жоғары деңгейде өтті.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі



Просмотров: 657
03.12.2019, 12:10:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар