“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЕСБОЛСЫН АЛҒАБЕКҰЛЫ АЛҒАБЕК «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2019» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

[Дата публикации: 03.12.2019, 12:12:23, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Үздік студент» республикалық жобасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Есболсын Алғабекұлы Алғабек «Үздік студент – 2019» атағына ие болды және «Үздік студент-2019» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және «Жас қыран» жинағына кірді.

«Жас қыран» жинағына республиканың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың және конкурстардың жүлдегерлері «Алтын белгі» белгісінің иегерлері; қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері; Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалар, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіреді.

Жинаққа  кіру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жобаға  қатысушыларға «Жас қыран» жинағы, арнайы «Үздік студент-2019» төсбелгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыстады.

Жоба  аясында Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы Ж.Мүлібекұлы және «Бөбек» жалпыұлттық қозғалыс қауымдастығының жетекшісі Е.М.Абиева жобаны жүзеге асырудағы көрсеткен көмегі үшін «Электрэнергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушысы  Тожан Серікқызына Кенжебаеваны да марапаттады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 772
03.12.2019, 12:12:23, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар