“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-ДЕ ХІІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

[Дата публикации: 12.11.2019, 18:23:53, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2019 жылдың 12-15 қараша аралығында жаратылыстану – математикалық цикл пәндері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы ХІІ  Президенттік олимпиада өтеді.

Соңғы 10 жыл бойы дәстүрлі түрде аталған олимпиада біздің ЖОО-да ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Альма-матерінде өтуде.

12 қарашада Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған құрметті қонақтар – Қазақстан Республикасы Президентінің серіктестері қатысты.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша өткізілетін олимпиаданың басты идеясы-патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту болып табылады.

Жыл сайын олимпиада ұйымдастырушысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады (директоры Кирабаева Шолпан Акашқызы).

Президенттік олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау, олардың ары қарай зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы;

2) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен іскерлікті тереңдету;

3) тұлғаның өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең – өңірлік – 2019 жыл 25 қыркүйек;

Өңірлік кезеңге барлығы 1326 мектептен 2255 түлек қатысты (447 мамандандырылған, 879 ауылдық мектеп).

Оның ішінде қазақ тілінде – 1368.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша екінші (іріктеу) кезеңге 267 жалпы білім беретін мектептен 399 оқушы жіберілді (168 мамандандырылған, 99 ауылдық мектеп).

Үшінші (қорытынды) кезең – 2019 жылғы 12 қарашадан бастап Республикалық кезең.

173 түлек ең көп балл жинап, Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Президенттік олимпиаданың барлық финалистері қатысушы сертификатына ие болады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталады.

 

Барлық қатысушыларға үлкен табыстар мен жеңістер тілейміз!

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 762
12.11.2019, 18:23:53, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар