“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚИУ-ДА КӨРКЕМ ЖАНРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТА ЖАЗЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР АВТОРЫ ЖАН АҚЖАНОВПЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

[Дата публикации: 06.11.2019, 11:17:48, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында студенттерде парасаттылық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 5 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жазылған көркем шығармалар авторы Жан Мухабарұлы Ақжановпен кездесу өткізілді. Бұл шараға университеттің «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері белсене қатысты.

Жан Ақжанов – «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача» және «Степь и судьба» сияқты шығармалар авторы.

Кездесу қонағы студенттермен ашық диалог орнатып, өз бойындағы жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу барысындағы ойларымен және тәжірибесімен бөлісті. Қаламгер қазіргі жастардың өзін-өзі тұлғалық тұрғыдан жетілдіруі үшін мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалғандығына тоқтала отырып, табысты болудың кілті білімде, тәрбиеде және мақсатқа бағытталған еңбектенуде екендігін өз кейіпкерлері өмірінен мысал ете отырып, баяндады. Жазушының шығармаларында көтерілетін мәселелер жастардың шынайы қызығушылықтарын туғызды.

Аталған шараға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Басшысының орынбасары Оразхан Асхат Оразханұлы қатысты. Ол қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайтуда парасаттылық, әдеп құндылықтарының рөліне тоқталды

 

 

ҚИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 753
06.11.2019, 11:17:48, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар