“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: МАЗМҰНЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, САПАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

[Дата публикации: 29.11.2019, 19:47:41, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсаңында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Білім беруді трансформациялау: мазмұны, технологиялары, сапасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты білім беруді түрлендірудің тенденциялары мен болашағын, тұтастықты сақтау тәсілдерін, білім сапасын дамытудың заманауи технологиялары мен оқытудың озық тәжірибелерін анықтау бойынша өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар Қазақстан мен көрші елдердің университеттері арасында ғылыми және серіктестік байланыс орнату.

Дәстүр бойынша конференция білім беру кеңістігін әлеуметтік-мәдени қатынастарды трансформациялау кеңістігіне айналдыру үшін университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен іскери серіктестердің өзара әрекеттесуі үшін танымал диалог алаңы ретінде қызмет етті.

Конференцияға 450-ден астам адам қатысты, оның ішінде Украина, Қырғызстан университеттері мен Қазақстан Республикасының оқу орындарының қатысушылары қатарынан 150 астам баяндамалар ұсынылды.

Мәжілістік отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың құттықтау сөздері оқылды, олар университеттің рөлін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алма-матері Қазақстанның индустриялық салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлауда өз үлесін қосып жатқатын атап өтті.

Конференцияға сонымен қатар ҚМИУ-дің стратегиялық серіктестері: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директорының орынбасары Н.Н. Комарницкий, «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС кадрлар бойынша менеджері И.Лукашук қатысты.

Мәжілістік отырысты «Саналы Ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Төкішев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік факторы ретінде» атты баяндамамен ашты.

Биыл біздің университетті 18 жылдан астам басқарған металлург ғалым, «Қара және түсті металдар металлургиясы» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Нариман Қуанышғалиұлы Ишмұхамедовтың туғанына 90 жыл толады. Нариман Қуанышғалиұлының университеттің дамуына қосқан үлесі туралы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Төлеутай Смақұлы Байбатов баяндама жасады.

Ректор Б. Жаутиков атап өткендей: «ҚМИУ – еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі және жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша көп жұмыс атқарды, сондықтан талқылауға ұсынылған конференцияның басты тақырыбы цифрлық дәуірде кадрларды даярлаудың инновациялық шешімдерін анықтау болды».

Конференция «Оқу процестеріне алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу», «Білім мен ғылымды сандық түрлендіру», «Тұтастық идеологиясы мен университеттердің үшінші миссиясының алдын-алу тәсілдері», «Іскери ағылшын және мәдениаралық коммуникация» секцияларында жалғасты.

Секциялар жұмысы барысында баяндамалар аудиториялық сабақтарды өткізудің заманауи нысандары мен әдістері, студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытудың мүмкін аспектілері, таңдаған бағытта кәсіби құзыреттіліктер, білімдер мен дағдыларды дамыту мақсатында университет өміріне тарту арқылы ортаға салған пікірлер қызу талқыланды. Сонымен қатар, цифрлық дәуірдегі білімгерлердің таным процесіне қатысу мәселесі сипаттағы ақпараттың жалпы қолжетімділігі аясындағы мәселелер қарастырылды. Болашақта бұқаралық коммуникациялар нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан тез өтуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы кәсіптік білім беру басымды бағыт болып қалуы керек деген пікір қалыптасты.

Іс-шараның соңында конференция қатысушылары қазіргі кезең Қазақстанның бүкіл білім беру жүйесінің өзгеруімен, жалпы, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа стандарттарына көшумен сипатталатынын атап өтті.

Білім мен ғылымды дамытудың жоғары мұраттарын басшылыққа ала отырып, университеттердің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын атап өтумен, конференцияға қатысушылар кәсіби қарым-қатынас жасау, педагогикалық тәжірибе алмасу және жас оқытушыларға озық техниканы үйрету үшін жағдай жасау мақсатында әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты жетілдіруге бағытталған инновациялық білім беру технологиялары бойынша қарар қабылдады.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар осындай деңгейдегі конференцияны өткізудің абсолютті маңыздылығын бірауыздан білдірді, қарастырылған мәселелердің өзектілігін, маңыздылығы мен кең ауқымын, практикада қабылданған шешімдердің бағытын, талқылаулардың сындарлы сипатын, жұмыс нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстарға сенімділікті атап өтті. Конференция жұмысын қортындылау қарарында конференция қортындылары Қазақстан Республикасындағы жоғары білім жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Конференция аясында ҚМИУ «Cisco» (АҚШ) трансұлттық компаниясы мен Қазақ инфокоммуникация академиясының қолдауымен «CISCO STARS-2019» халықаралық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. ҚМИУ «Cisco» академиясының Қарағанды облысындағы өкілетті өкілі саналады.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция салалық жаһандық мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін кәсіби, ғылыми және іскер топтардың үздік өкілдерін тағы бір рет жинады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі



Просмотров: 10  236
29.11.2019, 19:47:41, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Жаңалықтар