ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
[Дата публикации: 25.11.2019, 15:53:48, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысының индустриялы-инновациялық дамуы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіру мақсатында кеңес беру семинары өтті.
Ұйымдастырушы Қарағанды облысының Индустриялы-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «Сарыарқа» ӘКС» АҚ өткізді.
Семинардың мақсаты инновациялық қызметті кеңінен насихаттау және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру болды.
Спикерлер арасында «QAZTECH VENTURES» АҚ, «Сарыарқа» ӘКК, «Аатамекен» Қарағанды облысындағы аймақтық кәсіпкерлер палатасы болды.
ҚМИУ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры – Алмас Сатыбалдыұлы Ержанов құттықтау сөз сөйледі.
«Сарыарқа» ӘКК « АҚ инвестициялар, цифрландыру және МЖК жобалары департаменті директорының орынбасары Дастан Карымов Аймақтық инновациялар кеңсесінің қызметі, көрсетілетін қызметтер, сондай-«Ғылым қоры» АҚ, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қолдау құралдары туралы баяндама жасады.
Әсем Күзбагарова, «Атамекен» Қарағанды кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі менеджер-кеңесшісі, Қазақстан Республикасындағы ШОБ қолдау шаралары туралы айтты.
Іс-шара барысында іс-шара қатысушылар «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясындағы жобаларды субсидиялау шарттары, кепілдемелік бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары, инновациялық гранттар берудің түрлері мен ережелері туралы білді, сонымен қатар өздерін қызықтыратын сұрақтарды жеке қойып, жан-жақты жауап алды. .
Семинарға сонымен қатар кәсіпкерлер, ғалымдар, жаңашыл адамдар, Қарағанды облысының жеткші компаниялары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 483