“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ОДАҒЫ, «СЕНІМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖӘНЕ АҚТҚ/ЖҚТБ ОРТАЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУМЕН ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСАДЫ.

[Дата публикации: 11.11.2019, 15:22:59, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 11 қарашасында ҚМИУ Қарағанды облысының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғам өкілдерінің қатысуымен «Қызметтер мен тауарларды алу кезіндегі тұтынушылардың құқықтарын білу тұрғысынан халықтың құқықтық сауатын арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Кездесуге заңгер, Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы Жаслан Болатұлы Аймағамбетов қатысып, іс-шараға қатысушыларға сапасыз қызметтер мен тауарларды алу фактісі бойынша жағдайдан шығудың мүмкін жолдары, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары, көптеген алаяқтық істер, тұтынушыларға қатысты сенімсіз ұйымдар мен кәсіпорындар жүзеге асыратын қызметтер туралы айтып берді, сонымен бірге тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтарға қатысты заңды құқықтық кеңес алуға арналған сенім байланыс телефондарымен хабарласуға болатындығы жайлы ақпарат берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Сенім» қоғамдық бірлестігінің маманы Айнур Манапқызы Нупинова кәмелетке толмағандар мен жастарды синтетикалық есірткі сатуға тарту фактілері туралы, сондай-ақ синтетикалық есірткіні сатушылардың жасөспірімдерді алдау жолдары туралы айтты. Айнур Манапқызы студенттерді Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің қабырғаларында жиі пайда бола бастаған синтетикалық есірткінің мекен-жайларына қатысты жазуларды жою бойынша акцияға белсенді қатысуға шақырды, өйткені біздің қалада есірткінің таралуы бойынша жағдай күрделірек. Ол балаларды қылмыстық қоғамдастыққа тартудың мүмкін тәсілдері туралы және есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жаза қолданылатыны туралы ескертті, сонымен қатар студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Содан кейін Теміртау қаласындағы АИВ/ЖИТС алдын алу орталығының дәрігері Елена Борисовна Старожукова, АИВ жұқпасының берілу жолдары, сондай-ақ одан қорғанудың түрлері туралы айтты. Ол біздің қаладағы АИВ/ЖИТС статистикалық жағдайын жариялады, қалалық АИВ/ЖИТС орталығының ақпараттық парақшаларын таратты, осы парақшаларда көрсетілген телефондар арқылы  АИВ/ЖИТС инфекциясы туралы сараптамалық кеңестер алуға болады.

Жалпы, кездесу профилактикалық сипатта өтті, іс-шараға қатысушылар арасында үлкен оң пікірлер тудырды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық, жан-жақты жауаптар алды.

Біздің студенттердің пікірлері бойынша, кездесу ақпараттық және пайдалы болды, мұндай іс-шаралар оларға нақты мәселелері шешуге көмектеседі.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 609
11.11.2019, 15:22:59, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар