“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері «Үздік мамандық» атты ашық сабаққа қатысты.

[Дата публикации: 12.11.2019, 10:46:21, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 ж. 5 қарашасында ҚМИУ және Теміртау қаласының мектептерінің әдістемелік апталығы аясында «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының оқытушылары PhD, доцент Е. А. Панин, аға оқытушы А. Е. Ибраеваның және 3-4 курс студенттерінің қатысуымен «Үздік мамандық» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың мақсаты-болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында білім алушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Сабақ топтық ойын түрінде өтті, онда МҚӨТ-17 және МҚӨТ-16к топтарының студенттері екі топқа бөлінді.

Іс-шара барысында екі команда өздерінің визит карточкаларын ұсынды және «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша әртүрлі әр түрлі күрделіліктегі сұрақтарға жауап бере отырып, «Өз ойынында» жарысты.

Іс-шараны қорытындылай келе, ең үздік мамандық – бұл материалдық және моральдық жағынан қанағаттануды әкелетін мамандық деп атап кетті. Ең жақсысы сүйікті іспен айналысу, лайықты жалақы алып, ертеңгі күнге деген сенімділікті сезіну.

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 650
12.11.2019, 10:46:21, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар