“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІЛПАЗДАРЫ АТАЛДЫ

[Дата публикации: 26.11.2019, 10:40:46, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 22-24 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің кубогы үшін «Жастар және қоғамдық қауіпсіздік» ашық республикалық пікірсайыс турниріне белсенді қатысты.

Қызу пікірталастар, ыстық эмоциялар, ашу-ыза, күлкі, толқу,  жеңіске деген шынайы қуаныш және жеңіліс – осының бәрін іс-шара қатысушылары бастарынан өткерді.

Студенттік  лиганың лайықты қарсыластары зияткерлік күресте  шешендік шеберліктерін көрсетті және өздерінің позициясын абыроймен қорғады.

Пікірталас   турнирінің нәтижесінде біздің «Линкольн» командамызға құрметті екінші орын командасына бұйырды, ал М-16қ тобының студенті Рахымжан Өміржан сайыстың үздік спикері атанды.

Сондай-ақ, әрбір қатысушыға «Жастар және қоғамдық қауіпсіздік» Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің Кубогы үшін Республикалық пікірсайыс турниріне қатысқаны туралы сертификат табысталды.

Бұл  біздің сайыскерлердің қоржынындағы жетінші жеңіс!

 

Сайыскерлерге сәттілік пен жеңістер тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 728
26.11.2019, 10:40:46, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар