“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 26.11.2019, 09:29:53, жариялауды: Әкімшілік]

 

4 қарашада Қарағанды қаласында Қарағанды облысы Әкімінің жүлдесі үшін студенттер арасында 13-ші облыстық спартакиада басталды. Ұйымдастырушылар ағымдағы чемпионатты Жастар жылына арнады.

Жарыс  2019 жылдың 4-22 қараша аралығында өтті. Біздің  университет студенттері спорттың 4 түрінен (баскетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі) жарыстарға қатысты.

Спорт  түрлері бойынша  Қарағанды облысының тоғыз жоғары оқу орындарының командалары бақ сынасты.

Спартакиада екі кезеңде өтті. Жарыстың бірінші кезеңінде университетіміздің командалары келесі орындарға ие болды: баскетбол – 5 орын, волейбол – 5 орын, футбол – 6 орын.

М-18қ тобының студенті Азатбек Нұрасыл ұлттық қазақ қүресінен үшінші орынды жеңіп  алды.

Жарыстың  екінші кезеңі – 2019 жылғы 18-22 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған студенттер арасындағы командалық спорт бойынша қалалық спартакиада өтті.

Екінші  кезеңнің нәтижелері бойынша ҚМИУ құрамалары келесі орындарға ие болды:

футбол бойынша – 2 орын;

волейбол жасөспірімдер – 1 орын;

волейбол қыздары – 1 орын;

Баскетбол  бойынша қызу тартыста 1 орын ҚМИУ командасына,  2 орын ҚМИУ Техника-экономикалық колледжінің командасына бұйырды.

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, дипломдар мен медальдарға ие болды.

Жарысқа қатысушылар салауатты және белсенді өмір салтын ұстану қазіргі уақытта жастар арасында танымалдылықтың шыңында тұрғандығын және мемлекетіміз жаңа буынның физикалық және рухани өсуге деген ұмтылысын қолдау үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті. Бұл  спартакиада Қарағанды облысында қалыптасқан спорттық дәстүрлерді нығайтуға мүмкіндік берді. Студенттер  зор күш пен жағымды эмоцияларға ие болып қана қоймай, сонымен қатар жаңа достар мен пікірлес адамдармен танысты.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 758
26.11.2019, 09:29:53, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар