“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ 3 КУРС СТУДЕНТІ РАХЫМЖАН ӨМІРЖОЛ «АСПАННАН ҮЛКЕН – 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІР-ТАЛАС САЙЫСЫНДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.

[Дата публикации: 18.11.2019, 16:25:47, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 16-17 қарашасында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Абадан» клубының мүшелері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың мұражайы және Астана қаласының дебатшыларының Альянсының ұйымдастыруымен өткен «Аспаннан Үлкен – 2019» республикалық пікір-талас сайысына белсенді қатысты. Іс-шара Нұр -Сұлтан қаласында өтті.

Осы «Аспаннан үлкен – 2019» ашық республикалық пікір-талас сайысына өз шеберліктерін, тапқырлығы мен білімдерін көрсеткен республикамыздың мықты дебаткерлері қатысты.

Бүгінгі пікір-талас студенттер арасында көшбасшылық қасиетті дамытудың ең танымал түрлерінің бірі болып саналады. Студенттердің мұндай іс-шараларға қатысуы, оларға тиісті дағдыларды игеруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігінің дамуына ықпал етеді, өз көзқарасын, қызығушылықтарын саналы түрде білдіруге және сауатты қорғауға, шешендік қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, сонымен қатар, толерантты диалог жүргізу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір-талас сайысының  барлық қатысушылары Алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс  нәтижесінде үшінші курс студенті Рахымжан Өміржол бірінші орынды иеленді.

Біздің университетіміздің дебаткерлері аймақтағы мықтылардың қатарында және ҚМИУ «Абадан» пікір-талас клубының бұл жеңісі – бірінші және соңғысы жеңіс емес.

 

Рақымжан Өміржолды жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Қол жеткізген нәтижеде тоқтап қалмай, оны әрі қарай дамытуға және білімдерін ұштастыруға ұмтылуды тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 506
18.11.2019, 16:25:47, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар