ҚМИУ-да «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» (Ұлы дала халықтарының құндылықтары) атты тақырыптық кураторлық сағат өтті
[Дата публикации: 29.10.2019, 16:17:47, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 29 қазанда «Металлургия және машина жасау» кафедрасының оқытушысы Балабаева Айнұр Айтжановна МиТНМ-19к, МЦМ-19к және ТОМД-17к топтарының студенттері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласына арналған «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» (Ұлы дала халықтарының құндылықтары) атты тақырыптық кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты студент жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтылықты, толеранттылықты, бейбітшілікті, ұлттық келісім мен рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру болды.
Осы іс-шара барысында студенттер мақала тақырыбы бойынша баяндама жасап, презентацияларын ұсынды. Бағдарламалық мақаланың негізгі аспектілері, атап айтқанда Ұлы даланың 7 қыры талқыланды:
1.Салт аттылардың мәдениеті;
2.Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы;
3.Аң стилі;
4.Алтын адам;
5.Түркі әлемінің бесігі;
6.Ұлы Жібек жолы;
7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтар отаны.
Іс-шара соңында мақала ережелері қызу талқыланды. Дискуссия оң нотада аяқталды, студенттер мен оқытушы Ұлы даланың өткен шағын, өз халқымызды міндетті түрде біліп, өз тарихын мақтан тұтуымыз керек деген ортақ пікірге келді. Өткенді білу біздің өмірімізде шынайылықты құрып, болашаққа көз жүгіртуге көмектеседі. Дәл сол кезде біздің еліміз табысты болады.
ҚМИУ баспасөз қызметі.
Просмотров: 856