ҚМИУ қызыметкерлері мен студенттері «ЭКО-КРОСС» марафонына қатысты.
[Дата публикации: 08.10.2019, 17:23:13, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 5 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қызметкерлері мен студенттері «ЭКО – КРОСС» қалалық жүгірісіне белсене қатысты. Жүгірудің ұйымдастырушылары «ТТК» компаниясы @ttktemirtau, Теміртау қаласының әкімдігі @akimat.temirtau және @run_temirtau жүгіру клубы болды.
ЭКО-КРОСС-бұл салауатты және экологиялық өмір салтына арналған спорттық шара.
Іс-шара мақсаты:
– Салауатты өмір салтын насихаттау.
– Қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салу.
– Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды біріктіру.
ЭКО-КРОСС Теміртау қаласында алғаш рет өткізілді.
ҚМИУ баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/channel/UC-aa53aUWofqBe8HYhvSsgA
Просмотров: 575