# NO! TERRORISM NO! EXTREMISM КЕҢ АУҚЫМДЫ ЖАСТАР ФЛЭШ-МОБ АКЦИЯСЫ
[Дата публикации: 25.10.2019, 14:03:26, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 24 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері #NO! TERRORISM NO! EXTREMISM кең ауқымды жастар флэш – моб акциясына белсенді қатысты!
Осы жастар акциясы, Теміртау жастар клубымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді.
Іс-шара біздің университеттің орталық алаңында өтті, онда азаматтарды ғаламтордағы экстремизмнің негізгі көріністері және террористік және экстремистік көріністер жағдайында, іс-қимыл тәртібі туралы хабардар етті.
Флэш-моб акциясына қатысушылар экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне табысты қарсы тұру үшін қоғамның барлық дұрыс ойлайтын мүшелеріне бірігу қажет деген пікірмен бірікті.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 710