“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“Металдарды қысыммен өңдеу” кафедрасының оқытушысы Панин Евгений Александрович XXII халықаралық ғылыми-техникалық KONTECH конференциясында бірінші орынға ие болды

[Дата публикации: 23.09.2019, 17:19:30, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2019 жылдың 18-20 қыркүйегінде Польша Опаленица қаласында Kontech “қалыптаудың озық технологиялары және нано құрылымдалған материалдар”XXII халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция бағдарламасына пленарлық отырыстар, стендтік сессия және металл өңдеу институтының 70 жылдығы мерейтойлық сессиясы кірді.

Конференцияның мақсаты-ғылым мен өнеркәсіптің интеграциясы мен ынтымақтастығы арқылы польшалық экономиканың дамуы мен инновациялығын арттыру.

Конференцияның тақырыптық қамтуы металл өңдеу саласындағы машина жасау және материалтану, оның ішінде: қатты қалыптау, табақты қалыптау, ұнтақты материалдардан жасалған бөлшектерді қалыптау технологиялары, нанотехнологиялар мен наноматериалдар, машиналар мен құрал-саймандармен, процестер мен аспаптарды үлгілеумен, сондай-ақ биотехнологиялар мен биоматериалдармен байланысты мәселелер болды.

“Металдарды қысыммен өңдеу” кафедрасының оқытушысы Панин Евгений Александрович “Eң қызықты стенд” байқауында “Ядролық энергетикада материалдар ретінде қолдануға арналған ультратонких материалдарды алу технологиясын зерттеу” атты бірінші орынды иеленді.

Құттықтаймыз! Оған сәттілік тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 856
23.09.2019, 17:19:30, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар