“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де Денсаулық фестивалі өтті

[Дата публикации: 06.09.2019, 12:22:40, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

  Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Бірінші курс апталығы» іс-шарасы аясында жыл сайын дәстүрлі Денсаулық фестивалі өтуде. Фестивальді өткізудің негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерінің ұйымшылдық деңгейін, спорттық дайындығын бағалау, сондай-ақ білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.

Қуатты күшті мемлекет құру үшін күшті ұлт болуы керек. Ал дені сау ұлт спорт дамып жатқан жерде ғана болады. Жақында ғана ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортпен айналысуға тағы да шақырды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті-салауатты өмір салты ЖОО, онда әрбір студент міндетті түрде жан-жақты болады.

Фестиваль бағдарламасы өте мазмұнды болды. Бірінші курс студенттері барлық эстафеталарға белсене қатысып, командалық рух пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.

Денсаулық фестивалі жоғары деңгейде өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты. Бірінші курс студенттері жақсы сергектік, денсаулық, жақсы көңіл-күй алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 671
06.09.2019, 12:22:40, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар