“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік

[Дата публикации: 24.09.2019, 10:09:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өттті.

Іс-шара 25 жылдығына арналған еуразиялық интеграция идеясының бастамашысы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл бастама еуразиялық интеграция деп аталатын жаңа тарихи процесс үшін бастапқы нүкте болды. Осы интеграциялық процестің негізінде экономикалық прагматизм, мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу, интеграцияның еріктілігі, Еуразиялық кеңістіктің теңдігі мен ашықтығы жатыр.

Кеңеске Еуропа мен Азияның 60-тан астам елдері парламенттерінің делегациялары, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық Одақ, Азиялық Парламенттік ассамблея, АӨСШК, ИЫҰ Парламенттік Одағы сияқты халықаралық және парламентаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстанда осындай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара алғаш рет Еуразиялық мемлекеттердің заң шығарушы органдары басшылары арасында көпжақты тікелей диалог орнату, сенімділікті нығайту және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында өткізіледі.

Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде Еуразиялық континентте интеграциялық үдерістерді ілгерілету, соның ішінде экономикалық саладағы көпжақты жобаларды іске асыру, сандық экономика мен мемлекеттердің сандық егемендігін дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл және қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 819
24.09.2019, 10:09:58, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар