Жас оқытушылар үшін “Педагогикалық шеберлік мектебі” курсы ұйымдастырылды
[Дата публикации: 02.07.2019, 13:50:11, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
2019 жылдың 25 ақпаны мен 20 маусымы аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде “Педагогикалық шеберлік мектебі” курсы өткізілді. Негізгі мақсаты-жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Курс қорытындысы бойынша, жас оқытушылар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттардың мазмұны, ашық сабақтарды жоспарлау және өткізу, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби этикасы, жас ғалымдар үшін өткізілетін конкурстар мен жобалар, патенттерге өтінім рәсімдеу тәртібі, гранттық қаржыландыру, магистратура мен PhD докторантура білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы ақпараттармен танысты.
28 маусымда, жұмыстың қорытындысын шығару кезінде Шеберлік мектебінің қатысушылары сабақ өткізген әрбір тәжірибелі оқытушының ой тереңдігін, кәсіби шеберлігі мен сөз сөйлеуінің бірегейлігін атап өтті.
Шеберлік мектебінің тыңдаушылары өткізілген сабақтардың бастамашылдықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және педагогикалық қызметте стандартты емес шешімдерді қабылдауға көмектесетінін көрсете білді.
Просмотров: 525