Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасында ғылыми-білім беру консорциумының құрамына қабылданды
[Дата публикации: 20.06.2019, 15:57:51, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
2019 жылы 20 маусымда Назарбаев Университетінде Беларусь және Қазақстан жоғары оқу орындары ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VII отырысы өтті.
Шараға екі мемлекеттің ЖОО-ның 46-дан астам ректорлары қатысты, оның ішінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Жаутиков Бахыт Ахатұлы қатысты.
Салтанатты шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Сергей Харитончик құттықтады.
Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы ғылыми – білім беру консорциумы 2011 жылы екі мемлекет басшылары-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Александр Григорьевич Лукашенконың бастамасымен құрылған, кластерлік инновациялық даму бағдарламаларын іске асыруға себепші болды.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов отырысқа қатысушыларды консорциумның жалпы қызметі туралы таныстырып, оның құрылу тарихын атап өтті. Консорциумның іскерлік, достық қарым-қатынастарды нығайту ісіндегі маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Отырыс барысында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасында ғылыми-білім беру консорциумының құрамына қабылданды.
Отырысқа қатысушылар 2019-2020 жылдарға арналған ғылыми-білім беру консорциумының бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.
Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасындағы ғылыми-білім беру консорциумының мақсаты – Қазақстан мен Беларусьте ғылыми-технологиялық, білім беру және инновациялық инфрақұрылым құру және қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату, бұл ретте ынтымақтастық үшін ортақ мүдделердің мынадай салаларын белгілей отырып:
- жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру,
- жоғары технологиялар мен инновациялық қызмет саласы үшін ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау,
- екі жақты бизнесті күшейтуге, ішкі және әлемдік нарықтарда бір-бірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жеке және бірлескен инновациялар мен компанияларды құратын жас көшбасшыларды тәрбиелеу.
Консорциумға 23 қазақстандық, 21 белоруссиялық университеттер, зерттеу орталықтары мен Акционерлік қоғамдар кіреді.
Аталған консорциум аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Беларусь Республикасының университеттерімен халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қызметі және тәрбие жұмысы бойынша Халықаралық КВН дамыту жөнінде шарт жасады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 661