ҚМИУ-де Польша делегациясымен кездесу өтті
[Дата публикации: 11.06.2019, 15:15:05, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Кездесуге: машина жасау және көлік машина жасау кафедрасының профессоры, машина жасау және робототехника факультеті, Гурничо-Хутнича академиясы Станислава Сташица атындағы AGH ғылыми-техникалық университеті Краков қ. (Польша) – Krzysztof Krauze; өндірістік жүйелер, мехатроника және өндірісті қазіргі автоматтандыру кафедрасының профессоры, машина жасау және робототехника факультеті, AGH ғылыми-техникалық университеті – Jasek Cieslik; “Қарағанды машина жасау консорциумы” ЖШС директоры, Ресей тау – кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, ҚР көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, ҚР Құрметті машина жасаушысы, т. ғ. д., профессор – Кежин Болат Маулетович; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Физика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. д., профессор – Смирнов Юрий Михайлович; “КАРТЕЛЬ2005” ЖШС директоры – Копьяк Геннадий Павлович; “Инкар 1” ЖШС директоры – Нұрпейісов Қуандық Балтабаевич қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру сапасын жақсарту; Білім және ғылым жүйесінде инновациялық белсенділікті арттыруды қамтамасыз ететін кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін жағдай жасау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру; ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыру; инновациялық технологиялар ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын бірлесіп қатысу және әзірлеу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялау сияқты ынтымақтастық міндеттері талқыланды.
Қонақтарға арналған таныстыру мақсатында университеттің материалдық-техникалық базасымен экскурсия өткізілді, сондай-ақ студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және жоо-ның магистранттарымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жобалық жұмыстар, мемлекеттік бюджеттік тақырыптар, магистрлік диссертациялар және мақалалар мен монографияларды бірлесіп жариялау жоспарлануда.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 780