“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру: орфография мәселелері» атты әдістемелік семинар өткізді

[Дата публикации: 17.05.2019, 09:23:04, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті мамырдың 16-сы күні «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру: орфография мәселелері» атты әдістемелік семинар өткізді.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның орфография бөлімінің жұмыс тобының мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  профессоры, филология ғылымының докторы Жақыпов Жантас Алтайұлы және А. Байтұрсынұлы Академиясының ғылыми кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Амандықов Олжас Мейрамұлы арнайы қатысты.
Семинардың тыңдаушылары университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы және Теміртау қаласының  колледждері, мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері болды.
Семинарда дәріс оқыған проф.  Ж.А. Жақыпов латын қарпіне көшірудің жалпы мәселелерін баяндай келе, кейбір даулы сұрақтарды ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып, алдағы міндеттер және оны жүзеге асырудың тетіктеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар мектеп оқулықтарындағы синтаксиске байланысты кейбір олқылықтарды атай отырып, оны оқыту барысында ескерілуге  тиісті мәселелерді атап көрсетті.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша нақты сұрақтар жайында сөз алған докторант О.М. Амандықов латын қарпінде жазылған мәтінді жедел оқып әрі жазып үйренудің, жаттығудың тәсілдеріне тоқтала келіп, шетел тілінен енген сөздердің жазылу емлесін түсіндірді. Соңынан семинарға қатысушылар латын қарпімен жазылған мәтіндердің оқылымы мен жазылымы бойынша практикалық жұмыстар орындады.  Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар барысында университетіміздің «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент Нұрзия Әбдікәрімқызының жоғары оқу орындарының техникалық бағыттағы мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» оқу құралының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Өз кезегінде Н. Әбдікәрімқызы осы оқулықтың 8 жылдық еңбек тәжірибесінің жемісі болып т абылатындығын және бұл өңделіп, толықтырылған 2-ші басылым екенін айтты. Және де өзінің ғылымдағы ұстазы Жақыпов Жантас Алтайұлына  осы рәсімге куә болып отырғаны үшін алғысын жеткізді.
Семинар соңында ҚМИУ ректоры Жаутиков Бахыт Ахатовичтың атынан семинарға арнайы келген қонақтарға Алғыс хаттар тапсырылып, семианр тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 808
17.05.2019, 09:23:04, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар