ҚМИУ-де «ФОРТ КГИУ» квест ойыны өтті
[Дата публикации: 12.04.2019, 17:00:57, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
2019 жылдың 12 сәуірде ҚМИУ-де «Форт КГИУ» интеллектуалды квест-ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойын Ғылым күні мен академик, геолог, қоғам қайраткері, кеңестік металлогения ғылымның негізін қалаушы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Сәтпаев Қаныш Имантайұлдың 120 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.
Іс-шараны «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы ұйымдастырды.
Ойының мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.
Квест-ойынға екі команда «Нұрсұлтан» және «Неугомонные» қатысты. Әр командада өз үйлестірушілері болды, олар ойын бойы бірге жүрді және командалардың квест-ойының барлық ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырды. Әділдік үшін қатысушылар тапсырмаларды орындауға көмектесе алатын гаджеттерді пайдалануға болмайды.
Әр команда 9 негізгі кезеңнен тұратын маршруттан өтті, олардың әрқайсысы пәндер бойынша тапсырмаларды шешуді көздейді:
– Қазақ, орыс және шетел тілдері (КРиИЯ кафедрасы)
– Математика және физика (ЕНД кафедрасы)
– Қазақстан тарихы (ТК және ӘГҚ кафедрасы)
– Металлургия (МиМ және ОМД кафедралары)
– Информатика (ЭАиВТ кафедрасы)
– Экология немесе химия (ХТиЭ кафедрасы)
– Машина бөлшектері (ТМиТ кафедрасы)
– Экономика (Э және МиБ кафедрасы)
– Құрылыс («Құрылыс» кафедрасы)
Егер ойынға қатысушылар тапсырманы шешу нәтижесінде кілт-пароль алса, тапсырма орындалды деп саналды.
Квест-ойының жеңімпазы бүкіл ойынды барынша тез өтетін, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беретін команда болады, барлық ұсынылған тапсырмаларды орындап және ұсынылған телефон нөміріне қоңырау шалып, жүлденің орналасқан жерін біледі.
Ойың қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан» командасы ең жылдам болды. Команда мүшелері ҚМИУ-ның жаңа корпустың актт залында ғылыми-тәжірибелік конференцияның жабылуында өз сыйлықтарын алды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 1 019