“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де «Қаныш Сәтбаев – қазақтың тұңғыш ғалым академигі» тақырыбында Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат өтті

[Дата публикации: 16.04.2019, 17:31:40, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2019 жылдың 16 сәуірде «Рухани жаңғыру» және «Жастра жылы» аясында ҚМИУ-де аса көрнекті ғалым, инженер-геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны «МжМ» кафедра оқытушысы Туысхан Курметбек Туысханұлы, «МҚӨ» кафедра оқытушылары Абишкеноа Максат Жарылғасынұлы және Сайдрахимов Нурболат Бахтиярұлы ұйымдастырды.
Кештің қатысушылары Қ. Сәтбаевтың өмірі (балалық шағы және білім алу жолы), аса көрнекті ғалым (ғылыми жұмыстары және еңбектері) және мемлекет, қоғам қайраткері (өз елінің патриоты және қызметтері) жайында МС-17к, МиТНМ-16к, және ТОМД-16к-1 топтарының студенттері танымдық презентация жасады.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – инженер-геолог, ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым академиясының құрметті академигі, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Қаныш Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес, оның әдебиетке де қатысы бар. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел.

Қазақтың тұңғыш геологі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы Қ. Сәтбаевтың өмірінде болған қызықты деректерді студенттер баяндады.

Іс-шара өте танымдық әсер қалдырды, себебі студенттер Қ. Сәтбаев жайлы қойылған сұрақтарға мүлдіртпей жауап беріп, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ. Сәтбаев жайлы көп мәліметтер алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 856
16.04.2019, 17:31:40, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар