“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада үшінші орынға ие болды

[Дата публикации: 01.04.2019, 10:43:26, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2019 жылдың 27-29 нарузы аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақстаы: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиадаға Республикамыздың барлық аймақтарының 20 жоғары оқу орындарынан 30 командалық топ қатысып, бақ сынасты. Олар: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Е. Буктов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттері және т.б.

«5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті атынан Сапаров Дастан, МжЖМТ 16к және Асаинова Диана, МжЖМТ 15 тобының студенттері қатысты. Жетекшілері: МжМ кафедрасының оқытушысы Балабаева Айнұр Айтжанқызы және МҚӨ кафедрасының аға оқытушысы Даирбекова Гүлдана Сүйіндікқызы. Республикалық олимпиада үш тур бойынша жүргізілді: «Тестілеу», «Есеп шығару» және «Зертханалық-тәжірибелік».

ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада нәтижелері бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері терең білім көрсетіп, қойылған міндеттерді сәтті орындап «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Олимпиада ұйымдастырушылар тарапынан біздің студенттеріміздің жоғары ғылыми деңгейі атап өтті.

1-ші орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2-ші орын – Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

3-ші орын – ҚМИУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан Жәутіков Бахыт Ахатұлына ХІ Республикалық Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша пәндік олимпиадасында студенттерді белсенділік көрсеткен, жоғары дайындықпен қатысқан үшін алғыс хатқа ие болды.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, барлық ғылыми бастауларда сәттілік тілейміз.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 702
01.04.2019, 10:43:26, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар