“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Нұр-Сұлтан қаласында “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс съезі өтті

[Дата публикации: 23.04.2019, 12:09:21, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

23 сәуірде Нұр-сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен “Nur Otan” партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Қарағанды облысының делегациясы құрамына Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Жаутиков Бахыт Ахатұлы кірді.

Съездің күн тәртібінде-Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну.

Съезде Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясынан алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ең жоғары лауазымға лайықты үміткер болып табылатындығын, оның Отан алдындағы еңбегі мен жетістіктерін атап өтті.

Тоқаев өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев пен бір партиялыққа жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтып, Бірінші Президент – Елбасының еліміздің жан-жақты дамуына арналған стратегиялық бағытын жалғастыру мен сабақтастықты қамтамасыз ету міндеті екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда “Nur Otan” партиясы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бағытын сақтаудың кепілі болып табылады. Президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатын ұсыну туралы шешімді қабылдай отырып, партияда Елбасы бастаған экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардағы ауқымды өзгерістерді сақтап, көбейтуді көздеп отыр. Бұл басымдықтар саяси ұйымның алдағы кезеңге арналған жұмысының басты бағыттары болып қала береді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 642
23.04.2019, 12:09:21, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар