“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жастар – болашаққа жол бастар» атты дәстүрлі «TarSU CUP VII» республикалық пікірсайыс турнирі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтті

[Дата публикации: 11.03.2019, 09:32:45, жариялауды: Әкімшілік]

 

 2019 жылы 9-10 наурыздың аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қарасты «Еркін Ойлар Алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы ұйымдастыруымен «Жастар – болашаққа жол бастар» атты дәстүрлі «TarSU CUP VII» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге республиканың жоғарғы оқу орындарынан барлығы 120 фракция қатысты. ҚМИУ-тен біздің белсенділер қатысты: Бедеров Алихан – ТОМД-17к-2, Есболова Мадина – МиТНМ-17к, Нұрғалиқызы Ақерке – ТОМД-18к, Жұмәлі Нұрикамал – МС-18к, Токторбаева Гулнур және Алтынбек Ақбота ТТТиТ-18к. Университет ректоры Махметғали Сарыбеков және Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының басшысы Серікбол Берікқожаның қатысуымен пленарлық отырыс болды. Жиында сайыстың қарарлары мен екі күнге созылатын турнирдің бағдарламасы түсіндірілді.

Дебаттар – бұл жан-жақты даму, сөйлеудің көркемдік стилін қалыптастыру, маңызды мәселелерді талқылау, жеке қабілеттерін дамыту, ақпаратты жинау және талдау, уақытты тиімді пайдалану, достықты нығайту және коммуникация дағдыларын дамыту. Адам өз мақсатына өз даму арқылы жетеді. Пікірсайыс ойындары болашақ мамандар үшін өте пайдалы, жастардың дұрыс пайымдауына және олардың көпшілік алдына табысты сөйлеуіне ықпал етеді. Бұл дағдылар студенттерге болашақ мансабына көмектеседі.

М. Үркімбаев атындағы Жастар сарайының көк залында «Саналы TALKS» интеллектуалды ойыны өтті. Онда жастарға мардымды ой салған спикерлер «SANA» көшбасшылар мектебінің жетекшісі Данияр Өмірбеков, Һибатулла Тарази мешітінің имамы Ержан Аманбаев, «Жібек-жолы» бизнес ассоциациясының менеджері Бек Жолдыбай сөз сөйледі.

Турнирде бас төреші болып облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» ЖҚБ-нің мектеп лигасының жетекшісі, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 4 курс студенті Мағжан Өзбек басқарды.

Жарыс барысында біздің қатысушылар мінсіз білім көрсетті, командалық жұмыстың дұрыс стратегиясын таңдап алды, сол арқылы дайындығының жоғары деңгейін, эрудициясын, коммуникабельдігін көрсетті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 621
11.03.2019, 09:32:45, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар, Студенты