Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Теміртауда ерекше іс-шара өтті
[Дата публикации: 07.03.2019, 17:23:02, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 7 наурызда Мәдениет Сарайында «Қанатты әйел» атты театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым өтті. Қойылым режиссері КСРО-ның Қазақстандық моделі – Аспет Омарқызы Хаймулдина болды.
Аталған іс-шараның тұжырымдамасы қазақтың ұлттық киімдерін, бархаттан шыққан сәнді кешкі көйлектер мен қолдан жасаған әшекейлер және әлемнің әр түрлі халықтарының ұлттық киімдерін ұсынатын эксклюзивті авторлық киімдер жиынтығының театрландырылған көрсетілімінде болды.
Іс-шараның ерекшелігі модельдер кәсіби емес, қала мекемелер мен ұйымдарының қызметкерлері болды. Біздің университетімізден модель ретінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің Эразмус+ маманы Агилбаева Әсел және баспасөз хатшысы Көлбаева Салтанат шықты.
Коллекцияларды көрсету «Қырық сақ патшайымы» кітабының авторы Сәуле Сүйлеменқызының өлендерімен сүйемелденді.
Шара соңында Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әбиханұлы Әшімов құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік көңіл-күй құттықтау баспасөз қабырғасы орнатылған фойеде қойылды. Көрермендер залына кіре берісте біздің сымбатты студенттер құттықтап, барлық әйелдерге гүл шоқтары мен қала мектептерінің оқушыларының қолымен жасалған құттықтау хаттарын табыс етті.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 676