«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партиялық тыңдаулар өтті
[Дата публикации: 16.03.2019, 17:43:43, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 15 наурызда «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының ақ залында партиялық тыңдау өтті.
Партиялық тыңдаудың күн тәртібінде: «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар (екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар)» мәселесі қаралды.
Біздің университетімізден ФЭТСУ деканның орынбасары Жанабергенова Динара Кеңесқызы және ҚМИУ студенттік парламентінің президенті Елефтериади Савелий, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихт депутаттары, мүдделі бейінді ұйымдардың, мемлекеттік үәкілетті органдардың, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және облыстың белсенді жастары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастарды табысты әлейметтендіруге бағғытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыруды аяқтау, олардың әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыттау.
Облыстық жастар ісі басқармасының басшысы Құттыбай Мирас өңірде жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы толық ақпарат берді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 773