ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасы Орталық Лиганың ¼ финалына шықты
[Дата публикации: 09.03.2019, 11:57:23, жариялауды: Әкімшілік]
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Челябинск қаласында Орталық Орал КВН лигасының жаңа маусымы өтті.
¼ финалына шығу үшін біздің ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасы – Башкирия, Омск, Астана, Тюмень, Қорған, Томск, Челябинск және Латвия командаларымен күресті.
Командалармен тәжірибелі редакторлар: Михаил Гуликов (Премьер-Лиганың редакторы), Артем Скок («Парапапарам») және Ильгам Рысаев («4 татарина») жұмыс істеді. Көңілді және тапқырлардың фестивалінің жүргізушісі блогер, бұрынғы КВНщица және лиганың қазылар алқасының тұрақты мүшесі – Наталья Краснова болды.
Зал біздің құраманы жылы қарсы алды. Фестиваль соңында қзылар алқасы «ДЖанлуиджи Магнитофон» ойынын жоғары бағалап, Мәскеуге Орталық Лиганың ¼ финалына жолдама берді.
ҚМИУ-нің «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасын құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 785