Назар аударыңыз: «ҚМИУ Аруы-2019» байқауына қатысу үшін өтінімдер жинау жүргізіледі
[Дата публикации: 25.02.2019, 17:30:41, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылдың 28 наурызында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «ҚМИУ Аруы-2019» дәстүрлі сұлулық пен талант байқауы өтеді.
Байқау мақсаты: жастар бастамаларын қолдау, студенттік дәстүрлерді сақтау және жетілдіру.
Іс-шара 3 конкурстық тапсырмалардан тұрады: таныстыру, шығармашылық байқау және кешкі киім үлгісінде финалдық шығу. Қазылар алқасы байқаулың жеңімпаздарын анықтау кезінде келесі критерийлерді ескереді:
- Сөйлеу мәдениеті мен мазмұны, шешендік шеберлігін;
- Сахна мәдениеті, бірегейлігі және орындау ерекшелігін;
- Шығармашылық қабілеттері, көркемдік мәнерлілігі, эмоционалды көңіл-күйін.
Жүлделі орындар: бас-жүлде және «ҚМИУ Аруы – 2019» атағы, 1 орын және «ҚМИУ 1-вице-аруы – 2019» атағы, байқау қорытындысы келесі: «Ерекшелік аруы», «Шығармашылық аруы», «Наурыз аруы», «Дарындылық аруы», «Көркемдік аруы», «Көктем аруы» номинациялар бойынша марапатталады. Қазылар алқасы мен байқау демеушілері қосымша номинациялар енгізуге құқылы.
Барлық студенттерді байқауға қатысуға шақырамыз. Өтінімдер а.ж. 27 ақпанына дейін қабылданады.
ҚМИУ жастар ісі жөніндегі комитеті
Просмотров: 647