“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Назар аударыңыз: тарихи сериал түсіру үшін кастинг болады.

[Дата публикации: 18.02.2019, 14:41:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Қазақфильм» киностудиясы ҚМИУ-де «Тарих ағымдарында. Мәңгілікке ие болу: Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жүргізіледі.

Аталған кинотуындыны Мемлекет басшысының тапсырма бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді.

«Тарих ағымдарында. Мәңгілікке ие болу: Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалды түсіруге дайындық жүріп жатыр. Жобаның көркемдік жетекшісі «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалын түсіріп қойған түрік режиссері Метин Гюнай болады. Көпсериалы киножоба қазақтын ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды.

Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы актерлікке үміттілердің барлығы (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Сондай-ақ ер азаматтардың бойы 180 сантиметрден кем болмауы тиіс. Әйелдер қауымынан кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулерін сұрап, татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамайтындарын ескертті.

2019 жылының 25 мен 28 ақпан аралығында Теміртау қаласында кастинг өтетін болады. Кастингтің орны мен уақыты кейінрек жарияланады!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 757
18.02.2019, 14:41:09, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар