ҚМИУ студенттері Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
[Дата публикации: 18.02.2019, 16:08:35, жариялауды: Әкімшілік]
Бүгін Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды. Қателілікті, азапты, әділетсіздікті жеңіске жеткізді. Әскерлерді шығару туралы 1989 жылдың 15 ақпанында бұйрыққа қол қойылды. Содан бері бұл күн посткеңестік кеңістікте атап өтіледі. Сол кездегі сарбаздар, қазіргі жігіт ағалары естеліктер айтып, жат жерде жанын пида еткен қаруластарының рухына тағзым етті.
Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30-жылдығына арналған салтанатты жиналыс осы соғыста қаза тапқандарды еске алу құрметіне бір минут үнсіздікпен басталды. Митинг Теміртау қаласының алаңындағы ескерткішке салынған гүлдермен аяқталды. Статистикаға сәйкес, 22 269 қазақстандық ауған соғысы орқылы өтті, олардың 924 ұрыс алаңында қалды, 21 жоғалып кетті. Ерлігі мен қаһармандығы үшін 200 мыңнан астам әскери қызметкер КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды, 86 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, оның ішінде бес отандастарымыз осы атаққа ие болды.
Теміртау мәдениет сарайында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған концерт өтті. Мәдениет сарайының фойесінде 4 секциядан тұратын музей көрмесі ұсынылды. Солардың бірі соғыстан Теміртауға оралмаған арналды. Сонымен қатар, Ауған соғысында қолданылатын қару ұсынылды. Салтанатты шараға біздің университеттің студенттері қатысты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 779