“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасындағы республикалық олимпиадада ҚМИУ командасы екінші орынға ие болды

[Дата публикации: 12.02.2019, 10:42:08, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

 

2019 жылдың 6-8 ақпан аралығында Семей қаласында «Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарыныңарасындағы республикалық олимпиада өтті.

«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері» – көптеген инженерлік-техникалық студенттердің оқытатын негізгі инженерлік курстарының бірі. Курстың бағдарламасы жалпы мақсаттағы машиналардың құрамын, жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ бөлшектер мен жинақтарды жобалау әдістерін зерттейді. Олимпиадада жанама тапсырмалар тұрғысынан техникалық шығармашылық қабілеттерін көрсетуді талап етті. Мұндай тапсырмалар бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді әзірлеушіге сапалы, қатесіз жұмыс дағдыларын дамытуға ақпал етеді.

Бұл сайыста біздің университеттен «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының оқытушысы Әзімбаев Қуатхан Әлібекұлы және ТТТиТ-16к Дәулетбай Шүкір Жанболатұлы, Мырзабеков Нұрсұлтан Әбдіғапарұлы және ТМиО-16к Райымбек Нұрқазы Нұржанұлы студенттер қатысты.

Республикалық олимпиадада Қазақстанның барлық облыстарынан 10 команда қатысты.

Олимипиада қорытындысы бойынша біздің студенттер тамаша нәтиже көрсетті және екінші орынға ие болды. Біздің қатысушылар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біздің студенттерді жеңіспен құттықтаймыз!!!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 938
12.02.2019, 10:42:08, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар