“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Құрметті ЖОО және колледж студенттер!

[Дата публикации: 31.01.2019, 08:57:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының 2019 жылға арналған шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Құжаттар:

  • Ғылым саласында
  • Өнер саласында
  • Спорт саласында
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері)

жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент-2019» төс белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3 жақта жазылған), 2 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4\5 форматтағы  сапалы суретін 2019 жылдың 15-ші ақпанына дейін uzdik2019@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, грамота, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі (9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2019 жылдың 30 наурызында Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік студенттер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы наурызға дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі.  Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және Астана қаласына экскурсия жасау, кофе-брейк, Елордамыздың мәдени ошақтарын аралау (музей және т.б.) қарастырылған.

Ұйымдастыру алқасының сайты

https://biork.kz/   Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet

Ескерту!!!

Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.  

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

+7 708 723 15 05 Аяулым

+7707 142 74 40 Саят

 

 

2018 жылы Мосты согласия қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырған

 «Үздік студент-2018» жобамызға қатысып жеңімпаз атанған студенттер туралы, университеттерінің сайттарында құттықтау посттары енгізілген, төмендегі ссылкаларға кіру арқылы таныса аласыздар!!!

1

https://www.kaznu.kz/kz/19040/news/one/13851/

 

2

https://yur.enu.kz/post/-zdik-student-iegeri-zhugralin-serikti-tty-tajmyz!

 

3

https://vuzkunaeva.kz/index.php/kz/main-news-kz/744-pobeditelnica-luchshij-student-2018-ulchenko-anna-kz

 

4

https://www.keu.kz/kz/eu-biz-turaly/murahat/5130-pobediteli-konkursa-luchshij-student-2018-goda-anat-ly-zhanajdar-i-garifullina-asiya-2.html

 

5

https://ssmu.kz/kk/news/default/view?id=3500

 

6

https://pspu.kz/%D2%AFzd%D1%96k-student

 

7

https://www.nkzu.kz/news/view?id=6832

 

8

https://old.tttu.edu.kz//2018/04/luchshiy-student-2018-godathe-best-student-of-2018%D2%AFzdik-student-2018-zhil/

 

9

https://www.kgu.kz/kk/node/1178

 

 


Просмотров: 1  169
31.01.2019, 08:57:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар, Разное, Студенты