“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері Жастар жылының ашылуына арналған “Сарыарқа жастары” облыстық студенттік форумына қатысты

[Дата публикации: 30.01.2019, 16:09:30, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 28 қантарында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды үйлестіру Кеңесі мен өңірдің жоғары оқу орындарымен ұйымдастырылған Жастар жылына арналған «Сарыарқа жастары» Облыстық форумы өтті.

«Рухани жыңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында стартаптардың тұсаукесерін, сондай-ақ, «Даму» қорының аймақтық филиалын тарту арқылы инновациялық жобалар көрмесін қамтыды.

Форум аясында алғашқы «Жарасым» студенттік клубының салтанатты ашылуы өтті және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды үйлестіру Кеңесінің төрағасы клуб жалауын табыс етті.

Бұл шарада Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің белсенді студенттеріне Карибжан Мадияр, Елефтериади Савелий, Атакулова Земфира «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Студенттік форум облыстың этномәдени бірлестіктерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 506
30.01.2019, 16:09:30, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар