“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ректоры «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасымен кездесті

[Дата публикации: 31.01.2019, 18:12:18, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 30 қаңтарында ҚМИУ-де ректор Жаутіков Бахыт Ахатұлының және «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасымен кездесуі өтті. Кездесуде Жайдарман қозғалысының негізін қалаушы, қалалық мәслихат хатшысы Ломакин А.Б. біздің университеттің КВН командаларының жоғары деңгейін атап өтті.

Осы кездесу барысында КВН командасы Сочи қаласында өткен «КиВиН-2019» КВН командаларының 30-шы мерейтойлық фестивалінің жарқын естіліктерімен бөлісті.

Жайдарманшылар, КВН деп аталатын өмір мектебі, достық, әртараптандырылуға және тапкыр болуды үйретеді. КВН құрама мүшелер ҚМИУ басшылығына Жайдарман қозғалысының дамуына үнемі қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Ректор Жаутіков Бахыт Ахатұлы «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН командасының жақсы әлеуетін атап өтті. ҚМИУ басшысы КВН қозғалысы туралы айтып берді, сондай-ақ, өзіннің студенттік өмірінен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Команда капитаны ҚМИУ 3-курс студенті Хегай Сергей ректорға халықаралық КВН одағының президенті Александр Масляковтың алғыс хатын тапсырды. Кездесу естелікке фото сеансымен аяқталды.

2019 жылдың наурыз айының басында «Джанлуиджи Магнитоffon» КВН Жоғарғы Лигасының 1/8 финалына қатысу үшін Мәскеуге ұшып барады. Олар КВН Премьер-лигаға жетуге әр мүмкіндік бар.

2019 жылдың ақпанында 1-ші және 2-ші курс студенттерінен құралған «Железнорожденные» ҚМИУ екінші командасы Павлодар қаласының Ертіс КВН лигасына қатысады.

Біз шын жүректен балаларға жаңа тамаша жеңістер, жақсы әзілдер тілейміз және шығармашылық әлеует құрғамасын!

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 592
31.01.2019, 18:12:18, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар