“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ “ARQA” АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН САРАПТАУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

[Дата публикации: 05.12.2018, 12:58:41, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті базасында “ARQA” білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау тәуелсіз агенттігі Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына аккредиттеу жүргізу қағидалары мен әдістемесін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.

Бұл үрдістің барлық қыр-сырын айту үшін, “ARQA” агенттігінің ЖОО аккредитациялау департаментінің директоры Кудерина Айжан Ермекқызы жұмыс сапарымен ҚМИУ-ге келді.

“ARQA” қызметінің мақсаты білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету, аккредиттеу стандарттары мен өлшемдерін әзірлеу, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рейтингтерін өткізу болып табылады.

Семинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және ҚМИУ профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар барысында тыңдаушыларға “ARQA” агенттігінің мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының негізгі ережелері, ЖОО-ның қызметін және олардың білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалауды ұйымдастыру мен принциптері түсіндірілді, сондай-ақ алдағы аккредиттеуге дайындық бойынша, атап айтқанда, ЖОО-ның ішкі бағалауына және қажетті есептілікті жасау бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, сарапшы Айжан Ермекқызы Университет ішіндегі білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға ерекше назар аударды.

 ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 614
05.12.2018, 12:58:41, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар