ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТына БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
[Дата публикации: 14.12.2018, 19:22:36, жариялауды: Әкімшілік]
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды индустриялық университетінде 1-3 курс студенттерінің қатысуымен “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні”атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.
ҚИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры М. М. Салпенова Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша негізгі ақпаратты аудиторияға жеткізді, сонымен қатар, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі ережелерін, олардың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашып берді.
Қарағанды индустриялық университетінің студенттері ҚИУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы бірауыздан пікір білдірді, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, қоғамда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған өткізілетін іс-шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.
ҚарИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 626