“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ МАГИСТРАНТТАРЫ “ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ” атты ТЕЛЕКӨПІР – ЛЕКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 20.12.2018, 14:57:53, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің магистранттары Ресей геологиялық қоғамының президенті, э. ғ. д., г.-м. ғ. к., профессор Виктор Орловтың «Жер қойнауын геологиялық зерттеудегі мемлекет пен бизнестің рөлі» туралы  дәрісіне қатысты.

Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің 38 жоғары және орта оқу орындарының өкілдері онлайн-оқушылар болды. Профессор өз дәрісінде Ресейдің геологиялық картасын көрсете бастады және телеконференция қатысушыларының назарын бүгінгі таңда Қиыр Шығыста және Қиыр Солтүстікте көптеген ақ нүктелер бар екеніне аударды.

Іс-шараның басты мақсаты жер қойнауын геологиялық зерттеуге мемлекет пен бизнестің қатысу ерекшеліктері туралы студенттер мен жас мамандарға айтып беру мүмкіндігі болды.

Телекөпір барысында қатысушылар көптеген жаңа, қызықты және пайдалы ақпарат алды.

Дәріс аяқталғаннан кейін телекөпір қатысушылары ғалымға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қазан айында біздің университет студенттері РҒА академигі Эрик Михайлович Галимовтың “Жер жүйесі – Ай” тақырыбында өткен телекөпір-лекциясына қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 690
20.12.2018, 14:57:53, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар