ҚМИУ Италияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық келісім шартына қол қойды
[Дата публикации: 19.12.2018, 09:42:36, жариялауды: Әкімшілік]
Эразмус+ Ұлттық кеңсесі және ҚР жоғары оқу орындарының Ректорларының кеңесінің бастамасымен Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасбулатова басшылығымен қазақстандық делегация Италияға халықаралық деңгейдегі университеттердің қызметімен танысу мақсатында жұмысшы бағдарламаны жүзеге асыруға келді. Делегация құрамында Л.Н.Гумилев атын. Еуразиялық Ұлттық университеті, М.Қозыбаев атын. Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ. Жұбанов атын. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Халықаралық бизнес университетінің өкілдері бар.
Жұмысшы іссапардың мақсаты екіжақты ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылау, академиялық алмасу, мамандарды дайындау және Италия университеттерімен және ҚМИУ арасында ғылыми-білімдік бағдарламаларды жүзеге асыру. Іссапар барысында жоғары білім саласын жаңартуға арналған италиялық университеттердің тәжірибелері, оқу және ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру, сонымен бірге екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты қарым-қатынасты орнату және нығайту, біріккен E+ CBHE жобаларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Италия – жоғары білім жүйесі көне елдердің бірі, Еуропадағы бірінші жоғары оқу орны Болон университетінің Отаны. Сонымен қатар Erasmus+ студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша шетел студенттеріне арналған бағдарламаларды жүзеге асыратын ең танымал университет саналады.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті италиялық Сassino southern lazio university, Genova university университеттерімен ынтымақтастық келісім шартына қол қойды. Cassino Southern Lazio University университеті Неапол және Рим қалаларының арасында орналасқан, осы Арез өнеркәсіпті ауданда Alfa Romeo компаниясының Alfa Romeo зауыты орналасқан. Ынтымақтастық келісім шарты шеңберінде ҚМИУ студенттері мен магистранттары Alfa Romeo автомобиль зауытында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Genova university университеті Еуропаның көне білім ордасы. Оның іргетасы 1481 жылы, әртүрлі бейінді мектептер және басқа білім ұйымдары бір ұйымға біріккен жылы құрылған деп саналады. Оның құрамында 53 ғылыми бөлім, ақпараттық технологияларға маманданған департамент жұмыс жасайды. Осы жерде қырық мыңнан астам студент 178 бағдарлама бойынша білім алады, оның ішіндегі 32 елдің студенттері де бар. Ғылыми зерттеу жұмыстары Ұлттық Университет Кеңесі белгіленген 13 пәндік сала бойынша жүзеге асырылады.
Іссапар барысында қазақстандық оқу орындарының басшылары Link Campus University басшысы президент Винченцо Скоттимен, проректорлармен кездесті, осы кездесу барысында институциялық университеттердің тұсаукесері, олардың академиялық бағдарламалары ұсынылды.
Италиялық alma-mater өкілдері университеттердің ееркшеліктеріне байланысты, ағылшын тілінде оқытатын Италиялық мәдениетпен байланысты ағылшын тілінде дидактикалық әдіспен оқытатын қазақстандық делегацияға ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге қазақстандықтар Ұлттық INDIRE агенттігінің қызметімен танысты, олар италиялық жоғары білім жүйесінің құрылымы туралы толық ақпараттарды ұсынды. Италиялық әріптестер жоғары оқу орындарының Erasmus + бағдарламасына қатысты пікірлерін білдірді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті үшін халықтаралық ынтымақтастық озық бағыттардың бірі және білім сапасын қамтамасыз етуде оның халықаралық сандарттарға сәйкестігі маңызды құралдардың бірі саналады.
Атап өту қажет, осы кезеңде ҚМИУ алыс және жақын шетелдік 30 астам жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым қатынас орнатылған.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 868