ҚМИУ жаңа 250КВА қуатты жоғары температуралы кенді термиялық пешті қондырғы іске қосылды
[Дата публикации: 08.11.2018, 11:59:31, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 7 қараша күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің тәжірибелі-эксперименталды цехында жаңа эксперименталды 250КВА қуатты жоғары температуралы кенді термиялық пешті қондырғы іске қосылды.
Осындай пилотты жоғары температуралы қондырғыны жасау идеясы осындай:
– «Si-Al-Mn, Si-Al-Ba, Si-Al-Cr негізіндегі қортпаларды өндіру технологиясын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер»;
– «Пирометаллургиялық процестерге қатысты қолданылатын термиялық талдаулар нәтижелерін өңдеу және жүзеге асыру әдістері және қағидалары, жабдықтарды жетілдіру және дамыту»;
– «Кальций және барий құрамды қортпаларды өндіру және қолдану технологияларын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер» ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында туындады. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарында оның ішінде эксперименталды зерттеу жұмыстары басқа ұйымдарда жүзеге асырылды.
Сондықтан осындай қондырғыны жасау техникалық ғылымдар докторы, профессор Асылбек Хабадашұлы Нұрымғалиев басқаратын «Металлургия және металтану» кафедрасының қызметкерлерінің арманы болатын.
Профессор А.Х. Нұрымғалиевтің ғылыми әзірлемелерінде Si-А1-Мn; Si-Al-Ba; Si-А1-Cr қортпаларын алуға арналған құрамы бойынша ең сәйкес Екібастұз және Қарағанды көмір кендерінің көмір қалдықтары мен хромды және марганцті шикізаттар материалдарының фракциясы және құрамы бойынша кондициялы шихта ретінде қолдану қарастырылған. Қортылатын қортпалардың түржиынына қатысты тәуелділікте, жеке жағдайда тапшы қымбат бағалы кокс толығымен көмір қалдықтарымен ауыстырылады.
Көмір қалдықтарын қолданумен карботермиялық тәсілмен кондициялық шикізатты материалды ферроқортпалар кешенін кенді термиялық қорту экономикалық және технологиялық тұрғыдан тиімді. Технология бәсекеге қабілетті – болат өндірісі кезінде қортылатын ферроқортпалар кешені толығымен не жартылай дәстүрлі ферроқортпаларды ауыстырады және қосымша легірлеуші компонентті.
Сондықтан ферроқортпалар кешенін өһндірудің технологиялық тәртіптерін әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында өзекті мәселенің фундаменталды және қолданбалы бағыттары қарастырылады. Әзірлемеде крнемний-алюминий қортпаларының түржиынын кеңейту және ферроқортпалы кешенді түрлердің жоғары техника-экономикалық көрсеткішті ферросиликоалюмомарганец, ферросиликоалюмобария, ферросиликоалюмохромның мүлдем жаңа маркасын алу технологиялары қарастырылады.
Әзірлеушілер ұсынған өнім және технологияның жаңашылдығы және озықтығы мынандай, Si-А1-Мn; Si-Al-Ba; Si-А1-Сr жүйесіндегі бірге
элементтерді қалпына келтіру шарттары және заңдылықтардың жаңа теориясы; фаза бойынша элементтердің таралуын анықтау, бастапқы шихталы материалдар құрамы және температурасы қатысты тәуелділікте аратықты және соңғы өнімдер реакциясының фазалық құрамын анықтау; шихтаның оңтайлы құрамын және қарастырылған жүйелердегі жетекші компоненттердің әртүрлі қатынасы кезінде қатты көміртегінің құрамын анықтау; қорту технологиясын қанағаттандыратын фероқортпалар кешенінің тиімді құрамын анықтау және оны металды термиялық өңдеуде қалпына келтіруші, сонымен бірге қосымша легірлеуші және модифицирлеуші элемент ретіндеқолдануды анықтау.
Сонымен қатар, ұқсас өніммен салыстырғанда өзіндік құны 20 – 30 % төмен тәжірибелі қортпаларды дәстүрлі технологиялар бойынша жоғары сортты шикізаттан өндіру. Сонымен бірге қосымша пайдалы легірлеуші элементтер мысалы, Сr, Мn, Ba сияқты элементтердің бар екенін анықтау.
Зерттеу жұмысының жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі:
– «АСТРА», «ТЕРРА», «ОUТОКUМPA» және т.б. бағдарламалық кешендерді қолданумен жоғары температуралы процестерді физика және химиялық моделдеу және теориялық талдауында заманауи әдістерді қолданумен;
– талдаудың заманауи әдістерін қолданумен шихталық материалдар қасиетін зерттеу үшін термогравиметриялық зерттеулерді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.
Осындай қондырғыны жасау үшін грантты қаржыландыру есебінен 13млн.теңге мөлшерінде Мәскеу трансформаторлы зауытынан ОСЗ-250/0,5 – УХЛ4 күшті трансформатор сатып алынды. Трансформаторда 27,4 В ден 71,2В дейінгі қайтармалы жақты кернеудің жеті сатысы қарастырылған. Қалған қосалқы жабдықтар және аспаптар (басқару пульті, электродты реверсті электрлі механизмді электрлі ұстағыш бағана, шинасымдар, тұйықталған суды салқындату жүйесі және т.б. бөлшектер) «KSP Steel» ЖШС ФӨ кәсіпорының бас директоры Эдуард Львович Креймердің ортақ ынтымақтастық келісімшарты консорциумы негізінде техникалық қолдауының арқасында сатып алынды.
Жоғары темперауралы кондырғыны құрастыру, іске қосу және әрі қарай жетілдіру студенттердің дипломдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын және шаруашылықты келісімшарттарды жүзеге асыруға және жоғары білікті магистрлер, PhD доктор мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.
Жоғары температуралы қондырғыны монтаждау және іске қосу кезінде жабдықты барлық кернеу сатысындағы жүктеу тәртібінде тексеру мақсатында «KSP Steel» ЖШС ферроқортпалар өндірісінің кәсіпорының бас энергетигі Антон Павлович Молодых, студенттер магистрантар қатысты.
Просмотров: 681