УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ДӘРІСТЕРІН ТЫҢДАУДА
[Дата публикации: 28.11.2018, 14:38:36, жариялауды: Әкімшілік]
2018 ж.22 қарашадан бастап университетте күндізгі бөлім студенттеріне арналған PhD докторы, профессор Марек Милоштың ашық дәрістері өткізілуде.
Марек Милош Люблин технологиялық университеті (Люблин қ., Польша) электр техникасы және информатика бойынша деканның орынбасары болып жұмыс істейді. Ол компьютерлік ғылымдар саласындағы көптеген зерттеу жұмыстарының жетекшісі және көптеген Еуропалық жобалардың үйлестірушісі ретінде белсенді қатысушы (Tempus, Leonardo da Vinci және Erasmus+шеңберінде).
Бағдарламалық қамтамасыз етуді практикалық пайдалану және жобаларды басқару тәжірибесі мол. 10 жыл бойы IBM Poland-да жобаларды басқару бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
ҚМИУ студенттері үшін дайындалған дәрістер циклі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, деректер қорын басқаруға, бизнес-процестерді моделдеуге, басқарудың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға, электрондық бизнесте ІТ-технологияларды әзірлеуге және жобаларды басқаруға арналған.
Білім алушылардың айтуынша: «Профессор дәрістері өте қызықты және бай. Біз магистерлік жұмыстар бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыру үшін үлкен қуат аламыз».
Дәріс оқу үшін шетелдік профессорларды шақыру тәжірибесі барлық университеттер үшін пайдалы және өзекті болып табылады.
Ол шетелдік маман баяндайтын материалмен ғана емес, сондай-ақ белгілі бір елге тән оқыту әдістемелерімен де танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттер, магистранттар және докторанттар ағылшын тілін меңгеруді жақсартуға және кәсіби лексиконды байытуға бірегей мүмкіндік алады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 686