ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КОНУРСЫНЫҢ ЖЕҢІЛПАЗДАРЫ АТАНДЫ
[Дата публикации: 09.11.2018, 14:36:29, жариялауды: Әкімшілік]
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы жаратылыс, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында ҚМИУ студенттері А.В. Зимовец және Т.Т. Зияда 1 және 2 орынды жеңіп алды.
ТМжЖ-14 тобының студенті Александр Владимирович Зимовец «Таптау біліктерінің көпшіктерінің кернеулі-деформацияланған (КДК) күйін моделдеу және жұмыс жағдайын талдау» тақырыбына арналған үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., Қайрош Әбілұлы Ноғаев. ТҚжҚОҚ-16қ тобының студенті Тілеулес Таңатқызы Зияда, «Өрттің шығу себептеріне тәуелді өртқауіпсіздігі шараларын бағалау» тақырыбына арналған үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Ізтілеу Аманжолұлы Аманжол.
ҒЗЖ Республикалық конкурсы 3 кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – жоғары оқу орындарының ішінде;
2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында (ОӘК);
3) үшінші (қортынды) кезең – республикалық.
СҒЗЖ конкурсының негізгі мақсаттары және міндеттері:
1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымды әрекеттерін ынталандыру;
2) талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлі әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына ҚМИУ 20 студенті қатысты.
Біздің студенттерді жарқын және лайықты жеңістерімен құттықтаймыз, әрі қарай олардың ғылыми қызметтеріне табыс тілейміз!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 688