“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері кәсіпкерлік ойлауды дамыту бойынша ашық сабаққа белсенді қатысты

[Дата публикации: 30.11.2018, 16:05:22, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 23 қарашасында «Экономика және құрылыс» кафедрасында «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары- М.Татиева, доцент- Турабаева М.Б. аға оқытушы- Ақмағанбетова А.С. «Серпін-2050» бағдарламасына қатысқан студенттер үшін ашық сабақ өткізді: «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» пәнінен, ашық сабақ тақырыбы: «Зерттелген материалды біріктірудегі белсенді оқыту әдістерін қолдану»

Ашық сабақты өткізудің мақсаты студенттердің кәсіптік қасиеттері мен қабілеттерін жетекші әлеуметтік құзыреттілік ретінде дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ жеке топтық білім беру қызметінде өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

Сабақ бес кезеңнен тұратын конкурс түрінде өткізілді:

– сәлемдесу, «Ақылды қыздар мен ақылды жігіттер»;

– есеп шығару белгілі бір уақыт ішінде шешу немесе жауабын табу;

-басқатырғыштар,кроссворд

– экономикалық тақырып бойынша шығармашылық конкурс.

12 қатысушыдан құралған төрт команда құрылды.

Ашық сабақтың мазмұны сабақ құрылымының мақсаты мен әдісіне сәйкес келді.

Қатысушылар арасындағы бір-біріне өзара көмек көрсету ойын жүргізу барысында байқалды – топтың барлық мүшесі жұмысқа жұмыла қатысты , материал үшін терминдерді таңдауда өз топтарына көмектесті.

Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен «Мажор 8» командасы жеңімпаз деп жарияланды.Ашық сабақ «Рухани жаңғыру» жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді және техникалық мамандықтардың студенттері арасында кәсіпкерлік ойлауды дамытуға бағытталды.

Болашақта басқа топтарда ашық сабақтар өткізу жоспарлануда.

Іс-шараға 60-тан астам студент қатысты.

Белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 620
30.11.2018, 16:05:22, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар