ҚМИУ ПОҚ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫНҮЙҚҰРЫЛЫСЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 09.11.2018, 10:53:09, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 8 қараша күні ҚМИУ студенттері және қызметкерлері үшін “Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, осы кездесу аясында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйді несиеге алу туралы толық ақпарат және салымшылардың кірістік қаржыларын жинақтауға арналған «Отбасылық топтама» банк жобасы көпшілік назарына ұсынылды.
“Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ еліміздегі тұрмыстық құрылыс қаржысын жинақтау жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк. “Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ жүйесі тұрмыстық құрылыс депозиттерін және салымшыларға тұрмыстық қарыз беру үшін салымшылардың қаржысын тарту арқылы халыққа тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйені ұсынады. «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ негізгі міндеті қазақстандық отбасыларының жекеменшік тұрғын үймен қамтамасыздандыру және Отанға деген құрметті нығайту. Сондықтан осы кездесуді өткізудегі мақсат халықты қолжетімді тұрғын үй жайлы ақпаратпен таныстыру, оның ішінде жас отбасыларына көмек көрсету.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті.
Кездесу соңында банк қызметкерлері кездесуге қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуға берілетін несиеге қажетті құжаттар тәртібі және мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарына қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 662