“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-ДА МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ЖӘНЕ ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ІС-ШАРА ӨТТІ

[Дата публикации: 03.10.2018, 20:39:25, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде лайықты демалыстағы университеттің еңбек ардагерлерін даналық мерекесімен құттықтады.

3 қазан 2018 жылы ҚМИУ «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінде ардагерлерге құрмет көрсету өтті.

Бұл кездесудің құрметті қонақтары біздің университеттің еңбегі сіңген оқытушылары Шаргородская Нина Фёдоровна, Семкин Константин Федорович, Ормышева Мейрамгүл Иманқұлқызы, Смағұлов Байболат Төлегенұлы, Молчанова Елена Сергеевна, Байғабатов Төлеутай Смақұлы, Филатов Анатолий Васильевич, Свищев Александр Иванович, Игнатова Ольга Ивановна, Кукало Людмила Ивановна, Гавва Нина Федосеевна болды.

Оқу ісі жөніндегі проректор Сивякова Галина Александровна және кәсіподақ комитетінің төрайымы Кәріпбаева Айжан Рыскелдінқызы ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс сөздерін айтты.

Кездесу қатысушылары жоғары оқу орнының қабырғасындағы жұмыс уақыты, өз әріптестері мен студенттері, университеттің жылдан-жылға қалай өзгергені туралы қуанышпен және ерекше жылылықпен естеліктерімен бөлісті. Олар өздерінің университеттеріндегі оң өзгерістерді атап өтті. Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, профессор Филатов Анатолий Васильевич университет ректоры Жәутіков Бахыт Ахатұлына еңбек ардагерлеріне үнемі қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді. Осы адамдардың әрқайсысы үшін біздің университет мәңгі туған үйі болып қалады, өйткені кездесудің әрбір қатысушысы біздің университетімізде 30 жылдан астам жұмыс істеді.

Университет студенттерімен әзірленген концерттік бағдарлама іс-шараның ерекше музыкалық безендіруімен болды. Еңбек ардагерлері 4-ші курс студенті Балқыбеков Алиханмен бірге «Смуглянка» атақты әнін шырқады. Республикалық вокалистер конкурсының жеңімпазы Нұрмаханов Мұқағали өзінің вокалдық қабілеттерімен барлығын таң қалдырды.

Іс-шараның соңында еңбек ардагерлеріне мереке құрметіне ҚМИУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінен кәдесыйлар табыс етілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 701
03.10.2018, 20:39:25, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар, Разное, СМИ, События