“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ кәсіпкерлік дағдыларды және кәсіпкерлік сананы дамытуға арналған оқыту семинары өткізілді

[Дата публикации: 17.10.2018, 18:21:21, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

2018 жылы 17 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушысы Гүлнар Темірқызы Тұрғұмбаеваның ұйымдастыруымен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Теміртау қ. «Қазақстан Республиксында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету қауымдастығы» АҰ өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік дағдыларды және кәсіпкерлік сананы дамытуға арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинар шеңберінде Қазақстан Республиксындағы кәсіпкерлікті дамытудың жалпы мәселелері, оның ішінде, ЖК (жеке кәсіпкерлік) және ЖШС (Жауапкершілігі шектелген серіктестік) түріндегі кәсіпкерлерді тіркеу ерекшеліктері түсіндірілді, қазіргі кезде Қазақстанда өз ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер алдында «Кәсіпкерліктің қандай түрін таңдаған тиімді: ЖК не ЖШС?» сұрағы туындайды.

Сонымен бірге жеңілдетілген тәртіптегі ЖК және ЖШС үшін салық төлемдерін төлеу ерекшеліктері де қарастырылды.

Кәсіпкердің жалдамалы еңбеккермен арақатынасы, еңбекақы, салық және басқада төлемдерге ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасындағы өз ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бойынша «Жалпы кәсіпкерлік» және «Бастау-бизнес» негізгі бағдарламалары жан-жақты талқыланды.

Семинар жұмысына университеттің оқытушылары және техникалық және экономикалық мамандықтардың соңғы курсының студенттері қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 449
17.10.2018, 18:21:21, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар