“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді

[Дата публикации: 05.10.2018, 17:08:35, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылы 4 қазан күні ҚМИУ “Рухани Жаңғыру” жобалық кеңсесінің платформасында университеттің Тәрбие ісі және жастар саясаты департамен-ті және Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Жастардың ресурстық орта-лығы» КММ және ЭКО “Понтос” грек мәдени орталығымен бірге универси-теттің 2-4 курсының белсенді студенттеріне арналған патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшы-сы Динара Нұртайқызы Жүнісова, «ТТК» колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Алма Балапанқызы Шомбина, «ТЖКК» колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Роза Нұрахметқызы Жанисова, «Жастардың ресурстық орталығы» КММ директоры Алена Юрьевна Хегай, ЭКО “Понтос” грек мәдени орталығының директоры, сонымен қатар Қазақ-стан халықтарының Ассамблеясының облыстық филиалының директорының орынбасары Деспина Ивановна Касапиди, сонымен бірге ұлты әртүрлі бел-сенді студенттер қатысты.

Іс-шара шеңберінде жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған негізгі механизмдер талқыланды.

Қатысушылар алдында Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Динара Нұртайқызы Жүнісова және ҚМИУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Мейрамқызы Салпенова құттықтау сөзі-мен бірге дөңгелек үстел бағдарламасын ұсынды және біздің қала, оның та-рихы, әртүрлі қоғамдық этнобірлестіктер қызметі және олардың қоғам өмі-рінде алатын орны жайлы бейнебаян көрсетілді.

Өз кезегінде Динара Нұртайқызы, казіргі уақытта белсенді студенттер-дің билік және әртүрлі жастар бірлестіктері арасында делдал ретінде және көптеген жағдайда олар жастардың мультимәдени қауымдастығының дамуы-на қолдау көрсетуге арналған тиімді құрал ретінде атқаратын рөлі зор екенді-гін атап өтті.

“Понтос” грек мәдени орталығының жетекшісі Деспины Ивановна, эт-номәдениет дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын және ұлттық мәдениетті дамытуға арналған жұмыстар өте қажет екендігін атап өтті. Ол өзінің халқы-ның тарихы және салт дәстүрі, сонымен бірге зайыбы Василий – Краснодар өлкесінен «сенімсіз ұлт» ретінде жер аударылған гректер ұрпағы екенін айт-ты. Ол біздің қала және қаланың этникалық әл-ауқаты, “Понтас” орталығы-ның құрылу, оның тарихы, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар, соны-мен қатар өзінің осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда жинақтаған тә-жірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің жұмысына қортынды жасай келіп, Мадина Мейрамқызы Салпенова, осы кездесудің маңыздылығын атап өтті, мұндай кездесулер Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының тарихы және мәдениеті жайлы мағұлматтардың кеңінен таралуына, әртүрлі этномә-

дениетті сақтауға және әрі қарай дамытуға, сонымен қатар ұлттық және ұлта-ралық қатынастарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Ұсыныс, дөңгелек үстел барысында айтылған пікірлер және ұсыныстар ортақ ұсыныс ретінде Темір-тау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ және «Жасардың ресурстық орталығы» КММ жұмысшы тобына жіберілсін.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылардың ортаға салған пікірлері және ұсыныстарын ескерумен өткізілген іс-шара қарары қабылданды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 994
05.10.2018, 17:08:35, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар, Талапкер, Лекции