“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚИУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 25.10.2018, 14:55:45, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасының сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саясатын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 23 қазан күні Қарағанды индустриялық университетінде «Қазақстанның бүгіні және болашағы» атты мемлекеттік қызмет қызметкерлері және студенттер арасында пікірталас сайысы өткізілді.

Сайысты ұйымдастырушылар ҚИУ және Теміртау қ. әкімдігі.

Іс-шара мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Сайысқа барлығы 8 команда қатысты.

Мемлекеттік қызмет мекемелерінен сайысқа «Теміртау қ. Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Теміртау қ. Қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Теміртау қ. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы» ММ, «Теміртау қ. Білім бөлімі» ММ,  «Теміртау қ. Кәсіпкерлік және ауылшауашылығы бөлімі» ММ және Теміртау қ. әкімінің аппаратының өкілдері қатысты.

Сайыс барысында мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу іс-қимылдарын арттыру мәселелері бойынша өздерінің көзқарастарын, пікірлерін ортаға салды. Пікірталас барысында қатысушылар өздерінің аналитикалық және сын пікірлерін, айналасындағы адамдармен тіл табысуға және ынтымақтастыққа дайын екендерін көрсетті. Аталған мәселе бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салды және жарыс сөзге шықты.

Пікірталас сайысы Американдық парламенттік формат (АПФ) бойынша екі кезеңде өткізілді. Сайыс ережелері бойынша командалар екі қарсы топқа «Үкімет» және «Оппозиция»  бөлінді. Командалар мақсаты бір – өзінің көзқарасын дәлелдеу, бейтарап қазыларды өздерінің көзқарастары, пікірлерінің дұрыс екеніне сендіру. Сонымен қатар өздерінің аргументтерінің көмегімен қарсыластарының аргументтерін жоққа шығару.

Сайыс қортындысында қазақ лигасы бойынша жеңісті құрамында Мадина Есболова және Мағжан Алихан және орыс лигасы бойынша Савелий Елефтериади және  Диас Корабаев қатысқан командалар иеленді.

Ойын барысында өзінің аналитикалық, сынды пікірін және шешендік шеберлігін көрсете білген үздік спикер ретінде Мақұм Рауан, Жаннур Серикболат және Диас. Корабаев анықталды. Сайыстың үздік қазылары ретінде Алмас Жанатбек, Василий Ким танылды.

 ҚИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 849
25.10.2018, 14:55:45, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар